Мансап

Достар, сіздерді біздің корпоративтік сайтта қош көрдік! Менің есімім Ольга Юрьева, мен Элитстрой КТ HR-директоры боламын. Сіздің "Мансап" бөліміне кіруіңіз - бізбен одан ары қызметтес болудағы алғашқы қадамыңыз деп үміттенеміз! Енді өзіміз туралы айта кетсек...

Компания

Біздің компания саладағы көшбасшылардың бірі ғана болып қоймай, сенімді, болашағы бар жұмыс беруші болып отыр. Біз нарықта 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеміз және одан ары белсенді дамудамыз. Біздің әлеуетіміз жоғары, құрылыс көлемі ұдайы өсіп отырады, тұрғын үй кешендері мен қала үшін маңызды объектілер бірінің артынан бірі  салынып жатыр. Олар: "Атлетикалық ауыл", "Әл-Фараби" тұрғын үй кешені, "Асыл Арман" тұрғын үй кешені, "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешені және көптеген басқа көрнекі құрылыстар. Сонымен қатар, біздің кәсіпқой, креативті және өршіл мамандарға деген қажеттілігіміз де өсіп келеді! Біз компанияны одан ары нығайтуға ат салысатын дарынды мамандарды күтеміз. Біздегі ашық бос орындарға үміткерлер кәсіби, сондай-ақ, жеке біліктілігі бойынша қатаң іріктеуден өтеді.

Ұжым

Біздің компанияға келіп, жұмыс істейтін адамдардың барлығы нәтижеге бағдарланған және өз ісінде үздік болуға талпынады. Әркім команданың басқа мүшелері алдындағы жауапкершілігін сезінеді және әрқашан көмекке келуге дайын. Және бұл дос адамның күнделікті тұрмыстағы қарапайым кеңесі бола ма, әлде кәсіби міндеттер бойынша көмегі бола ма - маңызды емес. Біз компанияның ең басты қоры - адамдар екенін түсінеміз. Біз бір үлкен ұйымшыл командамыз. Және де біз алға қойған мақсаттарға бірге ғана жете аламыз.

Персоналды дамыту

Біз әрқашан өз қызметкерлерімізді дамытуға дайынбыз. Осы мақсаттарда корпоративтік ішкі тренингтер - персоналды басқару, сату, тайм-менеджмент өткізіледі. Қызметкерлеріміз ішкі тренингтерден басқа сырттай оқып, өз біліктілігін көтеру мүмкіндігіне ие. Егер қызметкер қандай да бір оқудан өтуі қажеттігін түсінетін болса, ол hr-бөлімімен хабарласса болғаны.

Біздің қызметкерлеріміз кәсіби тұрғыдан өскенде - біздің компаниямыз да өсетініне сенеміз.

Біздің компанияға қатардағы маман ретінде келіп, өз қабілетіңізді, нәтижелілігіңізді, талпынысыңызды көрсете отырып, Сіз біраз уақыттан кейін бөлім бастығының орнына да отыруыңыз мүмкін. Бұған мысал ретінде біздің бірқатар ТОП-менеджерлерімізді келтіруге болады. олардың мансабы ең төменгі позициялардан басталған болатын.

Сонымен қатар, біз жыл сайын өз қызметкерлеріміздің жеке және кәсіби біліктілігінің дамуын бағалаймыз. Бұл әрқайсымызға өсу бағытын анықтауға және қазіргі уақытта қандай біліктілікті дамыту қажеттігін түсінуге көмектеседі.

Корпоративтік мәдениет және қайырымдылық

Біз кәсіпқойлар командасымыз және кез келген командағыдай бізде де бір-бірімізге қарым-қатынасқа және тәртіпке қатысты қойылатын нақты ережелер бар. Егер біздің әріптестеріміздің біріне көмек қажет болса, көбіміз лауазымымыз бен мәртебемізге қарамастан көмекке келуге дайынбыз.

Біз бүгінгі күні жағдайы әлсіз азаматтардың өміріне белсенді қатысамыз - бұл аз қамтамасыз етілген отбасылар, балалар үйінің балалары және мүгедек балалар.

Әлеуметтік жәрдем

Біздің барлық қызметкерлеріміз қызметтік көлікті пайдалана алады. Компанияда қаланың негізгі бағыттары бойынша барлығы үшін мейлінше ыңғайлы маршруттар жасалған.Біз компания ішінде өзара бір-бірімізбен корпоративтік байланыс бойынша тегін сөйлесеміз. Және жұмыс бойынша келіссөздер өткізу қажет болса - ұялы байланысқа лимит бар.

Тиімді және нәтижелі жұмыс атқару үшін оқудан өтуді қажет ететін кез келген қызметкердің компания есебінен оқу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе айтарым, егер Сіз өз-өзіңізге, өз күш-жігеріңізге және өз талпынысыңызға сенімді адам болсаңыз - біз Сізді командамыз қатарынан көруге асығамыз!

БОС ОРЫНДАР

БАС ЗАҢГЕР Развернуть

Міндеттері:

  • соттарда өкілдік ету,
  • келісім-шарт жұмысы
  • түрлі жобаларға, мәмілелерге құқықтық қолдау көрсету
  • ҚР заңнамасын сараптау (мониторингтеу)
  • ішкі реттеуші құжаттарды және басқа құжаттарды заңгерлік сараптамадан өткізу
  • ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, қағидалардың түсіндірмесін жасау

Қойылатын талаптар:

  • жоғары заңгерлік білім
  • мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан бастап
  • ҚР заңнамасын жетік білу
  • құрылыс саласында жұмыс істеу тәжірибесі
  • корпоративтік блокта жұмыс тәжірибесі
  • соттарда өкілдік ету тәжірибесі
  • іссапарға шығу мүмкіндігі
  • мемлекеттік тілді білу.
КҚБ ИНЖЕНЕРІ Развернуть

Міндеттері:

  • Сеніп тапсырылған телімде орындалған жұмыстардың сапасын бақылау, олардың ЖСҚ, ҚНжЕ және МЕМСТ сәйкестігін тексеру;
  • Жұмыстарды қабылдап алу және актілерге қол қою;
  • Атқарушылық техникалық құжаттаманы бақылау;
  • Ақауларды уақытылы анықтау,
  • Ұйғарымдар құру,
  • Ақаулардың жойылуын бақылау;
  • Көлемдердің, орындалған ҚМЖ құнын есепке алу;
  • Жасалатын жұмыстар бойынша есептілік жүргізу.

Қойылатын талаптар:

  • Шебер, жұмысты өндіруші лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан астам, және 2 жылдан астам техқадағалау немесе сапа инженері лауазымында жұмыс тәжірибесі.
  • Техқадағалау аттестаты
  • Сейсмика бойынша рұқсат қағазының болуы.
БАСШЫ КӨМЕКШІСІ Развернуть

Міндеттері:

  • іс-қағаз жүргізу
  • басшының жұмыс күнін жоспарлау,
  • Қонақтарды қарсы алу,
  • Басшының тапсырмаларын орындау.

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім.
  • Жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмағаны дұрыс.
  • ЖК  (оның ішінде, Excel) және ұйымдастырушылық техниканы жетік білу
  • Атқарымды, бастамашыл, жауапты

Міндеттері:

  • бастапқы құжаттаманы өңдеу
  • Құрылыстағы өндірістік есеп
  • Жеткізушілермен және мердігерлермен есепайырысу есебі
  • ТМҚ шығынға жазу

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім
  • Құрылыс немесе өндірістік компанияларда жұмыс тәжірибесі
  • 1 С 8,2 білу
  • Бухгалтерлік және салық есебін білу

Міндеттері: 

  • Жылжымайтын мүлікті саты бөліміне жалпы басшылық ету
  • сатулар жоспарының орындалуын бақылау
  • жоспарлық-есептік және жұмыстық құжаттаманы жүргізу
  • компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстарды үйлестіру
  • клиенттермен келіссөздер жүргізу
  • сату тиімділігін өсіру

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім
  • ауызекі қазақ тілін білу (жөн)
  • (жылжымайтын мүлікті) сату саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан бастап
  • басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес
  • ЖК еркін пайдаланушы
  • жылжымайтын мүлік нарығын білу,
  • маркетинг негіздерін білу
  • келіссөздер жүргізу машығы,
  • сергек, тез тіл тапқыш, ұйымдастырушылық қабілеті.

Міндеттері:

  • құрылыс алаңындағы жұмыстардың өндірісін бақылау және ұйымдастыру
  • бригадаларды басқару
  • атқарушылық құжаттаманы жүргізу
  • ЕҚ және ӨҚ журналын жүргізу
  • жұмыс өндірісінің кестесін, материалдарды жеткізу кестесін, адам қорлары кестесін құру
  • М29 материалдарды шығынға жазу
  • материалдарға ақаулық актілерін, өкімдемелерді, өтінімдерді құру

Қойылатын талаптар:

  • Құрылыстағы жұмыс өтілі 4 жылдан бастап, өңдеу жұмысында 2 жылдан көп.

Міндеттері:

  •  кадрлық іс-қағаздарды жүргізу (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару),
  • қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру,
  • бекітілген нысандар бойынша есептіліктерді әзірлеу.
  • қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау.

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім 
  • 1 С 8,2 (ЗУП) білу (жөн)
  • ауызекі қазақ тілін білу (жөн)
  • оқуға бейім, атқарымды.

Міндеттері:

  • Құрылыс алаңында Б-10 бульдозерін басқару және қызмет көрсету.

Қойылатын талаптар:

  • жүргізуші куәлігі (тракторшы кітапшасы)
  • бульдозермен жұмыс істеу тәжірибесі
  • гидравликаны теңшеу машығы
  • жеке автокөлігінің болуы

Міндеттері:

  •  F – 3200 өңдеу материалдарын арамен кесу білдегімен жұмыс істеу

Қойылатын талаптар:

  • Орташа білім
  • Арамен кесу білдегіндегі жұмыс тәжірибесі 1 жылдан бастап.

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.