Алматыда кезекте тұрған тағы 168 адамға Атлетикалық ауылдағы жаңа пәтерлер кілттерін табыстады.

15.06.2017 г.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекте тұрғандардың отбасыларына, олардың ішінде мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге, Атлетикалық ауылдағы жаңа пәтерлер кілттерін табыстады.

Соңғы 5 жылдың өзінде Алматыда шамамен 10 мың пәтер үлестірілген. 2017 жылдың соңына дейін тағы 4,5 мың пәтердің үлестірілуі жоспарланып отыр, сөйтіп, жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы өз үйіне қол жеткізеді.

Қазіргі кезде Тұрғын үй басқармасы Атлетикалық ауылдағы 1748 пәтердің 1665 пәтеріне тұрғын үй комиссиясынан өткендердің тізімін жіберген. 900 пәтерге кейін сатып алу қарастырылған жалгерлік шарттары жасалды.

Бүгінгі күні қалада халыққа тұрғын үй үлестіру бойынша шешімдердің барынша ашық түрде қабылануына қол жеткізуге қатысты қажетті шаралардың барлығы қолданылуда.

Ендігі кезде кезекке тұру және оның жылжуы Электронды үкімет порталында тек электронды тәртіптемеде жүзеге асырылады.

Алғашқы рет кезектің электронды түгенделуі енгізілген, бұдан былай кезектегілерге қайта тіркелу үшін Тұрғын үй басқармасына жыл сайын келудің қажеті жоқ, бұл жұмыс қашықтықтан іске асырылатын болады.

Бірінші рет кезектегілерді хабарландыру мақсатында СМС-жолдамалар тәжірибесі қолданылған.

Жылдың соңына дейін адамдық фактордың қатысуынсыз толық дербес тәртіптемеде кезекшілер арасында пәтерлерді үлестіру тетігі енгізіледі.

Оған қоса, «Атлетикалық ауылдағы» тұрғын үйлерді үлестіру үдерісінің ашық болуы мақсатында, үміткерлердің барлық тізімдері Алматы қаласының прокуратурасымен келісілген.

Сондай-ақ, Алматы әкімі халыққа жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге арналған Атлетикалық ауылдың аумағындағы жаңа емхана мен қазақ тағамдары әзірленетін «Nomads» атты жаңа мейрамхананы көрді.

Атлетикалық ауылдың кешені 23 гектордан астам аумақты алып жатыр және 14 тұрғын үйден тұрады. Оның аумағы бейне бақылау, қатынауды бақылау және өрт сөндірудің заманауи жүйелерімен жабдықталған.

Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, фитнес орталығы, сұлулық салоны, банк бөлімшесі мен пошта, полицияның тірек пункті жұмыс істейтін болады.

Кешен тұрғындары үшін олардың тілектерін ескере отырып әйелдер клубы, балаларды дамыту орталығы, ойын-сауық орталығы ашылады.

Бүгінгі күнде Атлетикалық ауылдың жаңа тұрғындарына «Алматы Арена» спорт кешенінің секцияларында ерекше жағдайлар жасалған.

Айта кететін жайт, Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін Алатау ауданы жаңа тартылыс орталығына айналды. Аудан құрылған сәттен бастап тұрғындар саны 1,5 есе – 200 мың адамға дейін өсті.

8 жыл ішінде тек қала бюджетінен ауданға 200 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды, салынған нысандар: халықаралық деңгейдегі Алматы Арена спорт нысаны, әкімшілік, сот, прокуратура, салық, Арнайы ХҚКО, АІІБ, заманауи мәдениет нысандары, мектептер, балабақшалар, емханалар мен аурухана, жаңа мешіт салынуда, Үлкен алматылық канал қайта құрылды, Боралдай өзенінің жағалаулары бекітілді және т.б.

Дереккөз: https://www.nur.kz/1525578-v-almaty-vruchili-eshche-168-ocherednikam-klyu.html 

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.