АЛМАТЫДАҒЫ УНИВЕРСИАДА-2017: АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛ ҚАЛАЙ КӨРІНЕДІ

17.02.2017 г.

Атлетикалық ауылдың әкімі, қазақстандық боксшы Серік Сәпиев журналистерге Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 басты нысандарының бірі – Атлетикалық ауылдың ішкі көрінісімен таныстырды.

Оның аумағында 10 тоғыз қабатты үй орналасқан. Солардың біріне қазақстанның спортшылар жайғастырылған, бұны ғимарат төбесіне тігілген мемлекеттік туымыздан аңғаруға болады. «Барлығы әдемі әрі кәсіби деңгейде жасалған. Үйлер U әрпімен – Универсиада нышанының пішінімен – орналасқан. Мұнда спортшылар үшін бүкіл жағдай жасалған. Тұрғын үйлерден басқа полиция ғимараты, кітапхана, фитнес орталығы бар, ортада футбол алаңы салынған. Спортшыларға зерігуге де уақыт болмайды – олар үшін ойын-сауық түрлері де қарастырылған. Мысалы, ғаламтор клубы, түрлі дүкендер, тіпті кәде-сый дүкені де бар. Бір сөзбен айтқанда, спортшылар жарыстардан кейін қалпына келіп, жеңістерге жету үшін барлығы бар», - деді Сәпиев.

Қазақстандық спортшылар өздеріне арналған бөлмелерге қуана жайғасты.

Олар жарыстарды ұйымдастыру комитетін тұруға өте ыңғайлы жағдай жасағандары үшін алғысын білдірді.

«Универсиада дирекциясына шын ықыласпен күтіп алғаны үшін алғысымызды айтқымыз келеді. Бізге барлығы ұнады, мұнда өте жайлы, өз үйімізде екенімізді сеземіз», - деп аяқтады өз сөзін Қазақстанның шайбалы хоккей құрамасының қатысушысы Меруерт Рыспек.

Тоғыз қабаттың әрқайсысында 30 адамға арналған конференц-зал және жаттықтырушыға арналған бір орындық бөлме орналастырылған.

Сондай-ақ, мұнда үш, бес және алты орындық бөлмелер қарастырылған. Ғимараттағы бөлмелердің жалпы саны – 90, әр қабатта он-оннан. Қажет болған жағдайда спортшылар Атлетикалық ауылдың қызметкерлеріне жолыға алады.

Қысқы Универсиада-2017

Қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарында басталады. Осы халықаралық жарысқа Қазақстан алғаш рет 1993 жылы қатысқан болатын.

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алауы астана қаласында 25 қаңтарда жағылатын болды. Содан соң 16 алау ұстаушы өз алауларын Студенттік ойындардың ашылу салтанатында біріктіру үшін, отты Алматыға жеткізеді. Сөйтіп, Универсиада-2017 алауы 22 500 шақырымнан тұратын жолды еңсереді.

Жарыстарды Алматының 24 мекемесінде тарататын болады.

23 қаңтарда Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 басты нысандарының бірі – Атлетикалық ауылға келіп орналасты

Дереккөз: http://today.kz/news/sport/2017-01-23/734559-universiada-2017-v-almatyi-kak-vyiglyadit-atleticheskaya-derevnya 

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.