«ХАН ТӘҢІРІ» ТК НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ

30.03.2017 г.

23 наурызда Хан Тәңірі тұрғын үй кешенінің аумағында тұрғыдан мен қонақтар үшін Наурыз мерекесі өткізілді.

Жиналғандардың барлығын дәстүрлі мерекелік тағамдар күтіп тұрды. Тұрғындардың көпшілігі мейрамға ұлттық киім киіп келді. «Ең үздік ұлттық киім» номинациясында жеңімпаз атанғанды ду қол шапалаққа бөледі.

Бағдарламада бірнеше музыкалық нөмір болды, оған шақырылған әртістерден басқа кешен тұрғындары да қатысты. Жарияланған нөмірлер арасында көптеген ән, өлең, тіпті домбыра тарту өнері де көрсетілді. ТК аумағында орналасқан фитнес орталығының клиенттері мен қызметкерлері де өз өнерлерін паш етті. Олар халық биін орындап, Ушумен шұғылданатын жас спортшыларды ортаға шығарды. Салтанатты бағдарламадан соң барлық қонақтарсайыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Жеңімпаздар жүлделерге ие болды. Дегенмен, әрине, шуақты күн мен тамаша көңіл күй келушілер үшін басты сый болып қалды!

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.