«ХАН ТӘҢІРІ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

02.06.2016 г.

Балаларды қорғау халықаралық күнін 60-тан астам мемлекет бірнеше ондаған жылдар бойы маусымның 1-і күні атап келеді. «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінде де 1-маусым күні мейрам болды. Концертке тұрғын үйдің балалар ұжымы қатысты – өлең оқып, ән шырқап, би биледі.

Аниматорлар балаларға өз бағдарламасын ұсынды, әр бала шахмат және менталды арифметика сияқты логикалық ойындарда күшін сынап көрді. Осыбір күн шуағын төккен жылы күнде балалар уақытын пайдалы өткізді.

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.