БАЙБЕК НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛДА ПӘТЕРЛЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ

28.03.2017 г.

Мереке күні пәтерлерді халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары: жетімдер, мүгедектер, көп балалы отбасылар алды. Қала әкімі Бауыржан Байбек «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаевпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы пәтерлерді табыстады.

Тұрғындар пәтерлерді кейін сатып алу құқығына ие бола отырып, 8 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге жалға алатын болады. Бауыржан Байбектің айтуынша, өткен жылы 3000 астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. 2017 жылы пәтерлерді 3200 артық отбасы алады.

Универсиадаға арнап салынған тұрғын корпустар қазіргі кезде қала игілігіне берілген жеміс екенін атап өтті әкім.

Атлетикалық ауылда кәсіпшілер орталығы жұмыс істейді, мұнда тұрғындар мен қонақтар ежелгі қазақи қолөнер түрлерінің қайта жаңғыруының куәсі болды.

Наурыз мейрамында кәсіпшілер өз жұмыстарын жергілікті тұрғындардың назарына ұсынды. Зергерлік өнер, қамшы өру, киіз басу, ағаш жону және дәстүрлі мата тоқу өнерлерін жыл бойына тамашалауға болады.

Тұрғындар халықтық жарыс ойындарына қатысып та өз күштерін сынап көрді. Қазақша гір спортының шарты бойынша иыққа бір тірі қойды салып алған күйде отырып-тұру қажет. Зор күш иелері жануарды көтеріп тұрып жүзден аса рет отырып-тұруға жарады.

Жасөспірім батырлар ұлттық күрес түрінен сайысқа түсіп жатты.

 

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/akim-almaty-vruchil-klyuchi-ot-kvartir-v-atleticheskoy-derevne-na-nauryz.html  

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.