УНИВЕРСИАДАДАН СОҢ АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР КІМГЕ БЕРІЛЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

14.02.2017 г.

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің мәлімдеуінше, үй кезегінде тұрғандарды Наурыз мерекесіне дейін Атлетикалық ауылдағы пәтерлерге кіргізетін болды.

Үкімет отырысында Байбек Универсиададан соң босайтын үйлер кімге үлестірілетінін баяндап берді.

«Атлетикалық ауылға келетін болсақ, біз кезектегілердің арасында 1 748 пәтерді үлестіруге қатысты жұмысты бастап кеттік. Біз бұл мәселені қысқа уақыт ішінде Наурыз мейрамына дейін шешуді жоспарлап отырмыз.

Әкімшілік пен «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арасында жасалған келісімге сәйкес, сұрыптау қорытындылары бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары: мүгедектер, жетімдер, көп балалы отбасылар, бюджет қызметкерлері санынан баспанаға аса мұқтаж кезектегілердің тізімі дайындалды», - деді отырыста Байбек.

Блогердің Алматыдағы атлетикалық ауылдың пәтерлерін түсірген эксклюзивті кадрларын жариялағанын естеріңізге саламыз.

Дереккөз: https://www.nur.kz/1409042-stalo-izvestno-komu-dostanutsya-kvart.html 

Бізге жазу

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.

Сіздің хатыңыз рахмет, жіберілді.